"PartnerInterFreight" ЖШС (ПартнэрИнтэрФрэйт) KZ2P00008188 (PIFRb2) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
14.11.22 09:40
/KASE, 14.11.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 14 қарашасындан
бастап "PartnerInterFreight" ЖШС (ПартнэрИнтэрФрэйт) (Теміртау) KZ2P00008188
индекстелген облигациялары (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар"
санаты, PIFRb2; 1 000 теңге, 300,0 млн теңге; 12.11.21 – 12.11.22;
жартыжылдық купон, жылдық 11,00%; 30/360) айналыста болу мерзімінің
аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды.
Аталған облигациялар 2021 жылдың 12 қарашасынан бастап баламалы алаңның
"коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілген.
Олармен сауда-саттық 2021 жылдың 10 желтоқсанынан бастап ашылған.
[2022-11-14]