10 қарашаға жоспарланған "Dosjan temir jolu" АҚ KZ2C00000701 (DTJLb1) 2 078 673 облигацияларын сатып алу бойынша мамандандырылған сауда-саттық тоқтатылды
09.11.22 16:29
/KASE, 09.11.22/ – "Dosjan temir joly" АҚ (Астана) KZ2C00000701 (KASE
баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, DTJLb1) 2 078 673 облигацияларын
сатып алу бойынша мамандандырылған сауда-саттықты өткізудің бастамашысы
болып табылатын "Сентрас Секьюритиз" АҚ 2022 жылдың 10 қарашасына
жоспарланған мамандандырылған сауда-саттықтардың күшін жою туралы
Қазақстан қор биржасын (KASE) хабардар етті.
[2022-11-09]