"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ "ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы"АҚ KZ1C00001122 (KMGZ) жай акцияларының IPO параметрлерін жариялады

07.11.22 20:45
/KASE, 07.11.22/ – "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2022 жылдың 07 қарашасындағы келесі баспасөз хабарламасын жариялады: цитата басы ... - Жоспарланған ұсыныстың негізгі аспектілерін растау - ҚМГ-да жоспарланып отырған IPO Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру аясында өткізіледі. - Қор AIX және KASE қағидалары мен ережелеріне сәйкес қазақстандық және халықаралық бөлшек және институционалдық инвесторларға AIX қазақстандық алаңдарында және Қазақстандық қор биржасында (бұдан әрі – «KASE») акциялар ұсынуға ниетті. - Қазіргі уақытта Қорға ҚМГ-ның барлық шығарылған және орналастырылған жай акцияларының 90,42%-ы тиесілі. Ұсыныс шеңберінде Қор 30 505 974 Акцияны сатуға ұсынуға ниетті, бұл шығарылған және орналастырылған Акциялардың жалпы санының 5%-на дейінгіні (610 119 493 дана көлемінде) құрайды. IPO өткізілгеннен кейін Қор акциялардың жалпы санының кемінде 85%- на иелік етеді. - ҚМГ ұсыныс шеңберінде жаңа Акцияларды орналастыруды (сатуды) жоспарламайды және IPOның нәтижесінде Қор акцияларды сатудан ақшалай қаражат алмайды. - Ұсыныс мақсаттары үшін бір акцияның бағасы шамамен 5,1 триллион теңге мөлшерінде капиталдандыруды болжай отырып, 8 406 теңгені құрайды. - Акцияларды «KMG» сауда коды (тикері) бар AIX-тің ресми тізіміне енгізу 2022 жылғы 7 желтоқсанда күтіледі, ал AIX-те сауда-саттыққа рұқсат 2022 жылғы 8 желтоқсаннан бастап күтіледі. - ҚМГ-ның жай акциялары «KMGZ» сауда коды бар KASE листингіне енгізілген. - ҚМГ-ның ағымдағы акционерлері – Қазақстан Республикасының Қоры мен Ұлттық Банкі үшін IPO өткізілгеннен кейін – Акцияларды сатуға немесе өзге де иеліктен шығаруға 180 күндік тыйым салынатын болады (әрбір жағдайда белгілі бір жалпы қабылданған ерекшеліктермен). - Инвесторлардың өтінімдерін қабылдау 2022 жылғы 9 қарашада (Астана қ.) уақыты бойынша сағат 12:00-де басталады және институционалдық инвесторлар үшін 2022 жылғы 30 қарашада сағат 18:00-де, ал бөлшек инвесторлар үшін 2022 жылғы 2 желтоқсанда (Астана қ.) уақыты бойынша сағат 15:00-де аяқталады. - ҚМГ және Қор өкілдерінің қатысуымен роудшоуды 2022 жылғы 9 қарашадан бастап немесе осы күнге жақын уақытта өткізу жоспарлануда. - Ұсыныстың бірлескен үйлестірушілері мен букраннерлері «BCC Invest» АҚ, «Фридом Финанс» АҚ, «Halyk Finance» АҚ және «SkyBridge Invest» АҚ. • ҚМГ Ұсыныстың мақсатында 2022 жылы 7 қараша AIX мақұлдаған Проспектіні ағылшын тілінде әзірледі. ҚМГ Проспектіні қазақ және орыс тілдеріне аударды. Кез келген күмән туындаған жағдайда, ағылшын тіліндегі Проспектінің нұсқасын басшылыққа алу керек. Проспект ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде ҚМГ-ның (www.kmg.kz) және Қордың (www.sk.kz) веб-сайттарында танысу үшін қолжетімді. ... цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы https://kase.kz/files/emitters/SKKZ/skkz_reliz_071122_kz.pdf мекен-жайында жарияланған. [2022-11-07]