АНОНС:07 қараша күні сағат 17: 00-де "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ және "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ1C00001122 (KMGZ) акцияларын бастапқы жария орналастыру параметрлерін жариялау бойынша бірлескен баспасөз брифингі өтеді

07.11.22 13:00
/KASE, 07.11.22/ – "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына (KASE) келесі хабарламаны ұсынды: цитата басы 2022 жылғы 7 қарашада сағат 17:00-де "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның KASE және AIX қазақстандық қор биржаларында акцияларды бастапқы жария орналастыру параметрлерін (IPO) жариялауға арналған бірлескен баспасөз брифингі өтеді. Баспасөз брифингі Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 17/10, 18 қабат мекенжайы бойынша "Самұрық- Қазына" АҚ баспасөз орталығында өтеді. Баспасөз брифингтің онлайн трансляциясы YouTube платформасында да қолжетімді болады. Баспасөз конференциясының спикерлері: - Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы - Жаңаділ Ернар Бейсенұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ дамыту және жекешелендіру жөніндегі Басқарушы директоры - Дәурен Сапарәліұлы Қарабаев, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары - Охонов Фархад Рашидович, "Halyk Finance" АҚ Басқарма төрағасы, "ҚазМұнайГаз"ҰК АҚ қаржы кеңесшілері атынан - Алдамберген Алина Өтемісқызы, "Қазақстан қор биржасы" АҚ Басқарма төрағасы - Бектұров Ренат Нұрмолдаұлы, Astana International Exchange Басқарма төрағасы Баспасөз брифингіне қатысу үшін көрсетілген байланыс деректері бойынша 2022 жылғы 7 қараша сағат 16:00-ге дейін аккредиттеуден өтуіңізді сұраймыз: press@sk.kz, +7 702 767 04 52. цитата соңы [2022-11-07]