07 қарашадан бастап "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ XS0799658637, US48667DAD66 (TMJLe1) халықаралық облигациялары жойылуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

04.11.22 15:00
/KASE, 04.11.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) XS0799658637, US48667DAD66 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, TMJLe1; $1,1 млрд; 10.07.12 – 10.07.42; жартыжылдық купон, жылдық 6,95 %, 30/360) облигациялары жойылуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды. "Қазақстан темір жолы "ұлттық компаниясы" АҚ 2022 жылдың 02 қарашасындағы хатпен KASE аталған облигациялардың жойылғаны туралы хабарлады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ 2022 жылдың 04 қарашасындағы хатпен KASE-ке оның есепке алу жүйесінде көрсетілген облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу тіркелгенін хабарлады. Аталған облигациялар 2012 жылдың 16 шілдесінен бастап "Рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылғы 01 маусымнан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында болады. Олармен сауда-саттық 2012 жылдың 26 қыркүйегінен бастап ашылды. [2022-11-04]