"Қазақтелеком" АҚ 2021 жылға KZ0009093241 (KZTK) жай және артықшылықты KZ0009094645 (KZTKp) жай акциялары бойынша дивиденд төлеуге шешім қабылдады

04.11.22 12:12
/KASE, 04.11.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) KASE-ге 2022 жылдың 07 қарашасында 2021 жылға жай және артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлегені туралы хабарлады: - жай акциялар бойынша KZ0009093241 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KZTK) жалпы сомасы 38,4 млрд теңгеге бір акцияға 3 590,39 теңге мөлшерінде; - KZ0009094645 артықшылықты акциялары бойынша (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KZTKp) жалпы сомасы 0,98 млрд теңгеге бір акцияға 3 290,39 теңге (бір акцияға 300 теңге мөлшерінде кепілдендірілген дивидендті шегергенде). 2021 жылғы артықшылықты акциялар бойынша кепілдендірілген дивиденд 2021 жылдың желтоқсанында төленді. "Қазақтелеком" АҚ ақпаратына сәйкес дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2022 жылғы 06 қарашада сағат 00:00-дегі жағдай бойынша жасалады. Толық ақпарат KASE интернет-сайтында: https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_dividendsf_071122_3437.pdf [2022-11-04]