/KASE, 04.11.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) KASE-ге 2022 жылдың 07 қарашасында
2021 жылға жай және артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлегені туралы
хабарлады:
- жай акциялар бойынша KZ0009093241 (KASE негізгі алаңы,
"премиум" санаты, KZTK) жалпы сомасы 38,4 млрд теңгеге бір
акцияға 3 590,39 теңге мөлшерінде;
- KZ0009094645 артықшылықты акциялары бойынша (KASE негізгі
алаңы, "премиум" санаты, KZTKp) жалпы сомасы 0,98 млрд теңгеге
бір акцияға 3 290,39 теңге (бір акцияға 300 теңге мөлшерінде
кепілдендірілген дивидендті шегергенде). 2021 жылғы
артықшылықты акциялар бойынша кепілдендірілген дивиденд 2021
жылдың желтоқсанында төленді.
"Қазақтелеком" АҚ ақпаратына сәйкес дивидендтер алуға құқығы бар
акционерлердің тізімі 2022 жылғы 06 қарашада сағат 00:00-дегі жағдай
бойынша жасалады.
Толық ақпарат KASE интернет-сайтында:
https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_dividendsf_071122_3437.pdf
[2022-11-04]