"ҚазМұнайГаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ 2022 жылдың тоғыз айына өндірістік нәтижесі туралы хабарлады

28.10.22 12:42
/KASE, 28.10.22/ – "Қазақстан орнықтылық қоры" АҚ Қазақстан қор биржасына 2022 жылдың 27 қазанында баспасөз хабарламасын ұсынды: ... «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), өз қызметінде вертикалды интеграцияны ұстанатын Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, 2022 жылғы тоғыз айдағы өндірістік нәтижелерін жариялайды. 2021 жылдың тоғыз айымен салыстырғандағы 2022 жылдың тоғыз айындағы негізгі өндірістік көрсеткіштер: • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 0,9%-ға өсіп, 16 060 мың тоннаға жетті; • Мұнай тасымалдау көлемі өткен жылдың тиісті кезеңіндегі 55 727 мың тоннамен салыстырғанда 55 085 мың тоннаға жетті; • Қазақстандық және румындық МӨЗ-де көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 5,8%-ға артып, 14 896 мың тоннаға жетті. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_271022_kz.pdf жарияланған. [2022-10-28]