KASE Басқармасы "ТССП Групп" ЖШС облигацияларын KASE ресми тізімінің "коммерциялық облигациялар" санатына енгізуге келісім берді

27.10.22 10:04
/KASE, 27.10.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2022 жылдың 26 қазанындағы шешімімен "ТССП Групп" ЖШС келесі облигацияларын KASE ресми тізімінің балама алаңының "коммерциялық облигациялар" санатына енгізуге келісім берілді: 1) KZ2P00009053 (1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 20,00 %; 30/360); 2) KZ2P00009061 (1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 20,00 %; 30/360); 3) KZ2P00009079 (1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 20,00 %; 30/360); 4) KZ2P00009087 (1 000 теңге, 500,0 млн теңнге; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 20,00 %; 30/360). KASE Басқармасының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталмыш облигацияларға TSSPb2, TSSPb3, TSSPb4 және TSSPb5 қысқартылған белгілері (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялар шығарылымы туралы толық ақпарат KASE Басқармасының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-сайтында жарияланатын болады. [2022-10-07]