"Жайрем кен-байыту комбинаты" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
22.10.22 17:35
/KASE, 22.10.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған,
"Жайрем кен-байыту комбинаты" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді
көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 6 783 460 дана,
артықшылықты акциялар саны – 11 100 дана;
- компанияның 6 588 624 жай акциялары және 9 689 артықшылықты акциялары
орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі
санына иеленген жалғыз тұлға "КАЗЦИНК" ЖШС болып табылады, оның меншігінде
6 592 226 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,91 %)
соның ішінде компанияның 6 588 624 жай акциясы (компанияның орналастырылған
жай акцияларының жалпы санынан 100,00 %) және 3 602 артықшылықты акциясы
(компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 37,18 %)
бар.
[2022-10-22]