"RG Brands" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

20.10.22 10:41
/KASE, 20.10.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "RG Brands" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 3 600 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 1 200 000 дана; - компанияның 3 452 730 жай акциялары және 789 500 артықшылықты акциялары орналастырылған; - компания өзінің 789 500 артықшылықты акциясын қайта сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға RG BRANDS HOLDING LIMITED болып табылады, оның меншігінде 3 385 237 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 98,05% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 79,80%) бар. [2022-10-20]