"ForteBank" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
18.10.22 17:36
/KASE, 18.10.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "ForteBank" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді
көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 150 003 000 000 дана;
- банктің 92 387 104 089 жай акциялары орналастырылған;
- банк өзінің 1 934 376 697 акциялары кері сатып алды;
- банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі
санына иеленген жалғыз тұлға Б.Ж.Өтемұратов болып табылады, оның меншігінде
80 794 031 785 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан
89,32% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 87,45%) бар.
[2022-10-18]