"Kaspi Bank" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

18.10.22 12:21
/KASE, 18.10.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Kaspi Bank" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 39 000 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 500 000 дана; - банктің 19 500 000 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары орналастырылған; - банк өзінің 1 154 460 жай акциясын және 127 516 артықшылықты акциясын кері сатып алды; - банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "KASPI GROUP" АҚ болып табылады, оның меншігінде 17 668 952 (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 88,34%) соның ішінде банктің 17 347 729 жай акциясы (банктің орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 94,56%) және 321 223 артықшылықты акциясы (банктің орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 64,24%) бар. [2022-10-18]