/KASE, 18.10.22, 06.10.22 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) 2022 жылғы 18 қазаннан бастап KASE-де Abbott Lab. (АҚШ)
US0028241000 ("KASE Global" секторы, ABT_KZ) жай акцияларымен сауда-
саттық қайта басталатыны туралы хабарлайды.
Аталған акциялармен сауда-саттық KASE-де 2022 жылдың 03 қазанынан
бастап аталған акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімнің
тиянақталуына байланысты тоқтатылды.
Осы тақырып бойынша бұдан бұрын 2022 жылдың 03 қазанындағы "03
қазаннан бастап KASE-де Abbott Lab.US0028241000 (ABT_KZ) жай
акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды" KASE жаңалығы жарияланған –
https://kase.kz/ru/news/show/1489356/
[2022-10-18]