12 қазанда қазақстан қор биржасында Қазақстан Қаржы министрлігі өтеуге кірістілігі жылдық 13,90 % МЕОКАМ-48 54 шығарылымын (KZK200000729, MOM048_0054) орналастырып, 25,3 млрд теңге тартты

14.10.22 18:00
/KASE, 14.10.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылдың 12 қазанында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МЕОКАМ-48 54 шығарылым (KZK200000729, MOM048_0054) мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2022 жылдың 14 қазанында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 25 262 677 777,8 теңгені құрады. KASE жаңалығы " Қазақстан Қаржы министрлігі 05 қазанда Қазақстан қор биржасында 25,0 млн МЕОКАМ-48 54 шығарылымын (KZK200000729, MOM048_0054) жылдық 13,90% өтеуге кірістілікпен орналастырды" KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1489849// сілтемесі бойынша жарияланды. [2022-10-14]