17 қазаннан бастап "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00009025 (TMJLpp1) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі алаңның "Жиі орналастыру" санаты бойынша енгізілді

14.10.22 17:58
/KASE, 14.10.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2022 жылдың 12 қазанында KASE ресми тізіміне "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00009025 (TMJLpp1; $1 000, $900,0 млн; 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 2,00 %; 30/360) облигацияларын енгізу туралы шешім қабылдады: Листингілік комиссияның осы шешімі 2022 жылдың 17 қазанынан бастап күшіне енеді. Аталған облигациялардың сауда-саттығының ашылуы туралы KASE-де қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/ru/bonds/show/TMJLpp1/ [2022-10-17]