13 қазаннан бастап "Altyntau Kokshetau" АҚ KZ1C00001312 (ATKT) жай акциялары эмитенттің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылады

13.10.22 12:56
/KASE, 12.10.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2022 жылдың 12 қазанындағы шешімімен KASE ресми тізімінен "Altyntau Kokshetau" АҚ (Ақмола обл) KZ1C00001312 (KASE негізгі алаңы,"стандарт" санаты, ATKT) жай акциялары алып тасталды. Листингілік комиссияның осы шешімі 2022 жылғы 13 қазанынан бастап күшіне енеді. Бұл шешім Altyntau Kokshetau" АҚ KASE ресми тізімінен көрсетілген облигациялардың ерікті делистингі туралы өтініші негізінде қабылданды. Аталған акциялар 2016 жылғы 28 қыркүйектен бастап екінші санат бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылғы 01 маусымнан бастап KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "стандарт" секторында болды. Олармен сауда-саттық 2017 жылдың 15 маусымынан бастап ашылды. [2022-10-12]