17 қазан күні Қазақстан қор биржасында "Банк "Bank RBK" ЖШС KZ2C00008845 (INBNb11) 20,0 млн облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

13.10.22 11:50
/KASE, 13.10.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 17 қазанында KASE сауда-саттық жүйесінде ""Банк "Bank RBK" ЖШС KZ2C00008845 (KASE балама сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, INBNb11) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттармен арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар өткізілетіні туралы хабарлайды (Астана уақытымен). ---------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар ISIN: KZ2C00008845 KASE сауда-саттық коды: INBNb11 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 20 000 000 000 – орналастырылған: – Айналыста болудың басталуы: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу күні Айналыста болу мерзімі: кейінірек анықталады Купон мөлшерлемесі кейінірек анықталады Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет Айналым мерзімі: 10 жыл (3 600 күн) Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет Купон төлеуді бастау күні: кейінірек анықталады Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------- -------------------------- Сауда-саттық күні: 17.10.22 Жарияланған орналастыру көлемі 2 000 000 Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық заты: купон мөлшерлемесі Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–13:00 Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–13:30 Кесім уақыты: 15:00 (Т+0) Төлем уақыты: 17.10.22, 15:00 Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімді бағаға тең немесе кесімдеу бағасынан төмен өтінімдер кесімделеді Өтінімдер бағасына қатысты шектелімді кесімдеу бағасы бойынша өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша Сауда-саттық бастамашысы "Сентрас Секьюритиз" АҚ ---------------------------------------------------------------- Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен облигациялардың (жинақталған сыйақыны қоспағанда) "таза" бағасы көрсетілуге тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде облигациялардың саны данамен көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың мөлшеріне тең немесе еселі болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) көбейтіндісі көрсетілуге тиіс) Мәміленің көлемі http://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf сілтемесі бойынша жарияланған, Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 4 тарауына сәйкес есептеледі. Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатушы кестеде көрсетілген төлем уақытына "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-дағы өз шотында бағалы қағаздардың болуын қамтамасыз етуге міндетті. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімді KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағидасы https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf мекен-жайда жарияланған. Аталмыш облигациялардың толық шығарылымы туралы ақпаратпен https://kase.kz/ru/bonds/showINBNb11/ мекен-жайында танысуға болады. [2022-10-13]