KASE листингілік комиссиясы "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00009025 (TMJLpp1) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады

13.10.22 10:10
/KASE, 13.09.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2022 жылдың 12 қазанында "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00009025 ($1 000, $900,0 млн; 3 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 2,00 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға TMJLpp1 қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- сайтында жарияланатын болады. [2022-10-13