"Азық-түлік келісім-шарт" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқармасының құрамы өзгертілді

10.10.22 13:03
/KASE, 10.10.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Азық-түлік келісім-шарт" Ұлттық компаниясы" АҚ Қазақстан қор биржасына 2022 жылдың 30 қыркүйегіндегі Директорлар кеңесінің шешімімен Компанияның Басқарма құрамына келесі өзгертулер енгізілгені туралы хабарлады: - Теньбаев С.Т. – Басқарма Төрағасының орынбасары; - Даутов Д.А. – Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары. Енгізілген өзгерісті ескере отырып "Азық-түлік келісім-шарт" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқармасы алты адамнан тұрады Джувашев А.Б., Даутов Д.А., Омаров Т.Е., Закарьянов Т.К., Ашимов А.А., Теньбаев С.Т. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/PRKR/prkr_board_changes_300922_2622.pdf [2022-10-10]