10 қазаннан бастап үш атаудағы облигациялар Т+ тізіміне енгізіледі

07.10.22 18:42
/KASE, 07.10.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2022 жылдың 10 қазанынан бастап Орталық контрагентпен жартылай қамтамасыз ету шарттарында мәмілелерге жіберілген қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) мынадай облигацияларды қосу туралы шешім қабылдады: 1) KZ2C00008654 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, TMJLb10) "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ; 2) KZ2C00008688 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb38) "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ; 3) XS2507222904 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe11) Азия Даму Банкі. Қаржы құралдарын Т+ тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. [2022-10-07]