Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "ЛОГИКОМ" АҚ акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді

06.10.22 10:39
/KASE, 06.10.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ЛОГИКОМ" АҚ (Алматы) акциялардың шығарылым аңдатпасына тіркелген өзгерістердің көшірмелерін және бұрын берілген акциялардың орнын басатын 2022 жылдың 28 қыркүйегіндегі жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті KASE-ге ұсынды. Аталған құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі компания акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді; - аталған куәлік Компанияның жарияланған жай акцияларының санының ұлғаюына байланысты ауыстырылды және бұрын жарияланған 3 815 240 жай акцияларын ескере отырып берілді; - шығарылым KZ1C00000892 8 415 240 жай акцияларына бөлінген. Аталған өзгертулер KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/LOGC/logcf9_izm_280922.pdf [2022-10-06]