18 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Abbott Lab. US0028241000 (ABT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық қайта басталады.

06.10.22 10:22
/KASE, 06.10.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылғы 18 қазаннан бастап KASE-де Abbott Lab. (АҚШ) US0028241000 ("KASE Global" секторы, ABT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық қайта басталатыны туралы хабарлайды. Аталған акциялармен сауда-саттық KASE-де 2022 жылдың 03 қазанынан бастап аталған акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімнің тиянақталуына байланысты тоқтатылды. Осы тақырып бойынша бұдан бұрын 2022 жылдың 03 қазанындағы "03 қазаннан бастап KASE-де US0028241000 (ABT_KZ) Abbott Lab. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды" KASE жаңалығы жарияланған – https://kase.kz/kz/news/show/1489359/ [2022-10-06]