30 қыркүйектен бастап "Fincraft Group" ЖШС KZ2P00008832 (NCOMpp1) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі алаңның "Жиі орналастыру" санаты бойынша енгізілді

29.09.22 16:32
/KASE, 29.09.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2022 жылдың 22 қыркүйегінде KASE ресми тізіміне "Fincraft Group" ЖШС (Алматы) KZ2P00008832 (NCOMpp1; $1 000, $100,0 млн; 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 5,00 %; 30/360) облигацияларын енгізу туралы шешім қабылдады: Листингілік комиссияның осы шешімі 2022 жылдың 30 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. Аталған облигациялардың сауда-саттығының ашылуы туралы KASE-де қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/ru/issuers/NCOM/ [2022-09-29]