/KASE, 29.09.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2022 жылдың 22 қыркүйегінде KASE ресми
тізіміне "Fincraft Group" ЖШС (Алматы) KZ2P00008832 (NCOMpp1; $1 000,
$100,0 млн; 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 5,00 %; 30/360)
облигацияларын енгізу туралы шешім қабылдады:
Листингілік комиссияның осы шешімі 2022 жылдың 30 қыркүйегінен бастап
күшіне енеді.
Аталған облигациялардың сауда-саттығының ашылуы туралы KASE-де
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE
интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/ru/issuers/NCOM/
[2022-09-29]