Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі 21 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында KZMJ00001386 (VKK018_138) облигацияларын орналастыра отырып, 7,2 млн теңге тартты

21.09.22 17:25
/KASE, 21.09.22/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001386 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы", VKK018_138) мемлекеттік облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Сауда-саттықта эмитент номиналы 1 000 теңге және өтеу мерзімі 18 ай 7 180 588 облигацияларын орналастыруды жоспарлады. Орналастыру нәтижелері бойынша эмитент 7,2 млрд теңге тартты. Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында шығарылды. Бұған дейін KASE жаңалықтары «Бүгін KASE Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001386 (VKK018_138) 7,2 млн облигациясын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттықты өткізуде» – https://kase.kz/ru/news/show/1488818/ Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат https://kase.kz/ru/gsecs/show/VKK018_138/ сайтында орналасқан. [2022-09-21]