28 қыркүйектен бастап "ОнлайнКазФинанс шағын қаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00008576 (MFOKb3) облигациялары "таза" бағамен саудалану тәртіптемесіне ауыстырылады

27.09.22 12:47
/KASE, 27.09.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2022 жылдың 28 қыркүйегінен бастап "ОнлайнКазФинанс шағын қаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00008576 облигациялары (KASE баламалы сауда-саттық алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb3; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 22.09.22 – 22.09.23; тоқсандық купон, жылдық 20,00%; 30/360) "таза" бағамен саудалану тәртіптемесіне ауыстырылады. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. [2022-09-27]