23 қыркүйектен бастап "ОнлайнКазФинанс шағын қаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00008782 (MFOKb5) облигациялары "таза" бағамен саудалану тәртіптемесіне ауыстырылады

22.09.22 15:06
/KASE, 22.09.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2022 жылдың 23 қыркүйегінен бастап "ОнлайнКазФинанс шағын қаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00008782 облигациялары (KASE баламалы сауда-саттық алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb5; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 20.09.22 – 20.03.23; тоқсандық купон, жылдық 18,00%; 30/360) "таза" бағамен саудалану тәртіптемесіне ауыстырылады. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. [2022-09-22]