21 қыркүйектен бастап KASE-де "ОнлайнКазФинанс шағын қаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00008576 (MFOKb3) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

20.09.22 15:04
/KASE, 20.09.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 02 қыркүйегінен бастап "ОнлайнКазФинанс шағын қаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00008576 (KASE балама алаңы" секторы, MFOKb3; 1 000 тенге, 3,0 млрд тенге; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 20,00 %; 30/360) облигацияларымен KASE сауда-саттықтары ашылатыны туралы хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының төртінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/bonds/show/MFOKb3/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2022-09-20]