19 қыркүйектен бастап Шығыс Қазақстан облысының KZMJ00001386 (VKK018_138) облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

20.09.22 09:39
/KASE, 20.09.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2022 жылдың 19 қыркүйегінен бастап Шығыс Қазақстан облысының KZMJ00001386 (1 000 тенге, 7 180 588 000,00 теңге; 18 ай, жартыжылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді. Аталған облигацияларға VKK018_138 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/gsecs/show/VKK018_138/ сілтемесі бойынша жарияланады. [2022-09-20]