21 қазанда "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өтеді

19.09.22 11:45
/KASE, 19.09.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) KASE-ге 2022 жылдың 21 қазанында оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өтетінін, оның күн тәртібіне мәселелер енгізілетінін хабарлады: - сырттай дауыс беру арқылы Банк Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы; - Банктің жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау туралы. Банктің бір жай акциясына шаққандағы дивидендтің мөлшерін бекіту туралы. Аталмыш жиналысты өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_190922_kz.pdf жарияланған. [2022-09-19]