Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "KEGOC" АҚ KZ2C00007797 (KEGCb4) облигацияларының шығарылымы аңдатпасына өзгертулерді тіркеді

15.09.22 12:21
/KASE, 15.09.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "KEGOC" АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылдың 08 қыркүйегінде KZ2C00007797 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KEGCb4; 1 000 теңге, 35,0 млрд теңге; 15 жыл; жылдық купон, жылдық 11,00 %; 30/360), облигацияларының шығарылымын тіркегені туралы Қазақстан қор биржасына хабарлады. Аталған өзгерістерге сәйкес: - облигациялардың түрі "жасыл" болып өзгертілді; - сыйақы мөлшерлемесі жылдық 11,00% - дан құбылмалы мөлшерлемеге өзгертілді, ол TONIA Compounded + тіркелген маржа ретінде есептеледі (маржа мөлшері облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын болады); - купондық сыйақыны төлеу мерзімділігі жылына бір реттен жылына екі есеге өзгертілді. Аталмыш ақпарат жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/KEGC/kegcf9_kegcb4_izm_080922_pdf.pdf [2022-09-15]