KASE Басқармасы "Қазақстан орнықтылық қоры" АҚ облигацияларының алты шығарылымын KASE ресми тізімінің негізгі алаңына "облигациялар" санатына енгізуге келісім берді
14.09.22 12:10
/KASE, 14.09.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
2022 жылдың 13 қыркүйегіндегі шешімімен "Қазақстан орнықтылық қоры"
АҚ (Алматы) облигацияларын KASE ресми тізімінің балама алаңының
"облигациялар" санатына енгізуге келісім берілді:
1) KZ2C00008902 (1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 3 жыл; құбылмалы
жартыжылдық купон, мөлшерлеме TONIA Compounded + тіркелген
маржаға тең, маржаның мөлшері облигацияларды орналастыру бойынша
алғашқы өткізілген сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша
айқындалатын болады; actual/365);
2) KZ2C00008910 (1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 3 жыл; құбылмалы
жартыжылдық купон, мөлшерлеме TONIA Compounded + тіркелген
маржаға тең, маржаның мөлшері облигацияларды орналастыру бойынша
алғашқы өткізілген сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша
айқындалатын болады; actual/365);
3) KZ2C00008928 ((1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 3 жыл; құбылмалы
жартыжылдық купон, мөлшерлеме TONIA Compounded + тіркелген
маржаға тең, маржаның мөлшері облигацияларды орналастыру бойынша
алғашқы өткізілген сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша
айқындалатын болады; actual/365);
4) KZ2C00008936 ((1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 5 жыл; құбылмалы
жартыжылдық купон, мөлшерлеме TONIA Compounded + тіркелген
маржаға тең, маржаның мөлшері облигацияларды орналастыру бойынша
алғашқы өткізілген сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша
айқындалатын болады; actual/365);
5) KZ2C00008944 ((1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 5 жыл; құбылмалы
жартыжылдық купон, мөлшерлеме TONIA Compounded + тіркелген
маржаға тең, маржаның мөлшері облигацияларды орналастыру бойынша
алғашқы өткізілген сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша
айқындалатын болады; actual/365);
6) KZ2C00008951 ((1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 7 жыл; құбылмалы
жартыжылдық купон, мөлшерлеме TONIA Compounded + тіркелген
маржаға тең, маржаның мөлшері облигацияларды орналастыру бойынша
алғашқы өткізілген сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша
айқындалатын болады; actual/365).
KASE Басқармасының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
"Қазақстан орнықтылық қоры" АҚ қаржылық кеңесшісі "Tengri Partners
Investment Banking (Kazakhstan)" (Алматы) болып табылады.
Аталмыш облигацияларға KFUSb44–KFUSb49 қысқартылған белгілері
(сауда-саттық коды) берілді.
Аталған облигациялар шығарылымы туралы толық ақпарат KASE
Басқармасының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-сайтында
жарияланатын болады.
[2022-09-14]