"Самұрық-Энерго" АҚ KZ2C00003994 (SNRGb3) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

14.09.22 09:18
/KASE, 14.09.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 14 қыркүйегінен бастап "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00003994 (KASE ресми тізімі, "облигациялар" санаты, SNRGb3; 1 000 тенге, 28,0 млрд тенге; 14.09.17 – 14.09.22; тоқсандық купон, жылдық 11,50 %, 30/360) облигациялары айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды. Аталған облигациялар 2017 жылдың 21 тамызынан бастап KASE ресми тізімінің балама алаңының "облигациялар" санатына енгізілді. Олармен сауда-саттық 2017 жылдың 23 тамызынан бастап ашылды. [2022-09-14]