"Aidarly Project (Айдарлы Проджект)" АҚ KZ1C00014562 (ADRP) облигациялары KASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

13.09.22 10:35
/KASE, 13.09.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2022 жылғы 12 қыркүйегіндегі шешімімен "Aidarly Project (Айдарлы Проджект)" АҚ (Алматы) KZ1C00014562 облигациялары KASE ресми тізімінің негізгі алаңның "акциялар" секторы бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2022 жылғы 01 шілдедегі жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес "Aidarly Project (Айдарлы Проджект)" АҚ акцияларын шығару 2 893 060 жай акцияға бөлінген. Аталған акциялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. "Aidarly Project (Айдарлы Проджект)" қаржылық кеңесшісі "SkyBridge Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға қысқартылған белгі (сауда коды) ADRP берілді. Аталған облигацияларды шығару туралы толық ақпарат Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- сайтында жарияланатын болады. [2022-09-13]