12 қыркүйектен бастап "Қазақстан Даму Банкі" АҚ KZ2C00008605 (BRKZb25) және KZ2C00008613 (BRKZb26) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

12.09.22 18:06
/KASE, 12.04.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2022 жылдың 07 қыркүйегінде KASE ресми тізіміне "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) келесі облигацияларын енгізу туралы шешім қабылдады. - KZ2C00008605 (BRKZb25; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 5 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша өткен алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360), облигациялар түрі – "жасыл"; - KZ2C00008613 (BRKZb26; 1 000 теңге, 35,0 млрд теңге; 5 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша өткен алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360). Листингілік комиссияның осы шешімі 2022 жылдың 13 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. Аталған облигациялардың сауда-саттығының ашылуы туралы KASE-де қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/ru/issuers/BRKZ/ [2022-09-12]