13 қыркүйектен бастап "ОнлайнКазФинанс шағын қаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00008790 (MFOKb6) облигациялары "таза" бағамен саудалану тәртіптемесіне ауыстырылады

12.09.22 15:45
/KASE, 12.09.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2022 жылдың 13 қыркүйегінен бастап "ОнлайнКазФинанс шағын қаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00008790 облигациялары (KASE баламалы сауда-саттық алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, 5,0 млн; 08.09.22 – 08.03.23; жылжымалы жартыжылдық купон, жылдық 8,25%; 30/360) "таза" бағамен саудалану тәртіптемесіне ауыстырылады. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. [2022-09-12]