/KASE, 09.09.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Fincraft Resources" АҚ (Ақтау) өз акционерлерінің
2022 жылдың 25 тамызында өткен жылдық жалпы жиналысының шешімдері
туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер, соның ішінде, мынадай шешімдер қабылдады:
- компанияның 2021 жылғы компанияның қаржылық есебін бекіту;
- 2021 жылғы шоғырландырылмаған есептілік деректері бойынша
компанияның жиынтық шығыны 3 593 604 мың теңге мөлшерінде
бекітілсін;
- шоғырландырылмаған қаржылық есептіліктің қорытындысы
бойынша табыстың болмауына байланысты 2021 жылға
компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін
және төленбесін.
Бұл ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/SATC/satc_special_shareholders_meeting_results_250822_127.pdf
[2022-09-09]