09 қыркүйектен бастап "ОнлайнКазФинанс шағын қаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00008808 (MFOKb7) облигациялары "таза" бағамен саудалану тәртіптемесіне ауыстырылады

08.09.22 10:56
/KASE, 08.09.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2022 жылдың 09 қыркүйегінен бастап "ОнлайнКазФинанс шағын қаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00008808 облигациялары (KASE баламалы сауда-саттық алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb7; $100, млн, 360 күн; $10,0 жылжымалы жартыжылдық купон, жылдық 3,00%; 30/360) "таза" бағамен саудалану тәртіптемесіне ауыстырылады. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. [2022-09-09]