KASE Басқармасы "Сейф-Ломбард" ЖШС KZ2P00008865 (MFSLb2) облигацияларын KASE ресми тізімінің "коммерциялық облигациялар" санатына енгізуге келісім берді

07.09.22 09:35
/KASE, 07.09.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2022 жылдың 06 қыркүйегіндегі шешімімен "Сейф-Ломбард" ЖШС (Алматы) KZ2P00008865 (1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 18,00 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің балама алаңының "коммерциялық облигациялар" санатына енгізуге келісім берілді: KASE Басқармасының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталмыш облигацияларға MFSLb2 қысқартылған белгілері (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялар шығарылымы туралы толық ақпарат KASE Басқармасының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-сайтында жарияланатын болады. [2022-08-07]