26 қыркүйекте "АК Алтыналмас" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жылдық жалпы жиналысы өтеді

02.09.22 11:24
/KASE, 02.09.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АК Алтыналмас" АҚ (Алматы) 2022 жылдың 26 қыркүйегінде сағат 11:00-де оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетіні туралы хабарлады. Күн тәртібіндегі мәселе: - акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; - қоғамның жасалуына мүдделілік бар ірі мәмілелерді жасасуы туралы. Жиналыс туралы толық ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/ALMS/alms_special_shareholders_meeting_info_260922_1220.pdf [2022-09-02]