02 қыркүйектен бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында US88160R1014 (TSLA_KZ) Tesla, Inc. жарияланған және орналастырылған жай акцияларының саны туралы ақпарат өзгертілді және олардың сауда-саттығы қайта жанданды

02.09.22 10:27
/KASE, 02.09.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 02 қыркүйегінен бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында 3-ке 1 коэффициентімен жүргізілген сплитке байланысты US88160R1014 ("KASE Global" секторы, TSLA_KZ) Tesla, Inc. (АҚШ) қарапайым акциялары бойынша келесі ақпараттың өзгергенін хабарлайды: - жарияланған жай акциялардың саны 1 004 264 852-ден 3 133 470 045 данаға; - орналастырылған жай акциялардың саны 818 406 937-ден 2 620 516 796 данаға. 2022 жылдың 02 қыркүйегінен бастап KASE көрсетілген акциялармен сауда- саттық қайта басталды, олар 2022 жылдың 16 тамызынан бастап тоқтатылды. Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE-нің 2022 жылғы 15 тамыздағы жаңалықтары жарияланған болатын "16 тамыздан бастап KASE-де Us88160r1014 (TSLA_KZ) Tesla, Inc.жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады" – https://kase.kz/ru/news/show/1487149/ [2022-09-02]