02 қыркүйектен бастап KASE-де "ОнлайнКазФинанс шағын қаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00008782 (MFOKb5) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

01.09.22 12:50
/KASE, 01.09.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 02 қыркүйегінен бастап "ОнлайнКазФинанс шағын қаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00008782 (KASE балама алаңы" секторы, MFOKb5; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 180 күн; жылдық 18,00 %; 30/360) облигацияларымен KASE сауда-саттықтары ашылатыны туралы хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының төртінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/bonds/show/MFOKb5/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2022-09-01]