/KASE, 31.08.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Өскемен)
2022 жылдың 28 қыркүйегінде оның акционерлерінің сырттай дауыс беру
арқылы кезектен тыс жалпы жиналысы өтетіні туралы хабарлады. Күн
тәртібіндегі мәселе:
- 2022 жылдың 14 шілдесіндегі акционерлердің жылдық жалпы
жиналысының компанияға 2022 жылға аудит жүргізетін аудиторлық
ұйымды бекіту туралы шешімін өзгерту;
- компанияның Жарғысына өзгерістер енгізу туралы;
- 2006 жылдың 15 маусымындағы "Өскемен титан-магний комбинаты"
АҚ Басқармасы туралы Ереженің" қолданысын тоқтату туралы.
Жиналыс туралы толық ақпарат –
https://kase.kz/files/emitters/UTMK/utmk_special_shareholders_meeting_info_280922_2442.pdf
[2022-08-31]