26 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі XS1263139856 (KZ_22_4507) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздары" секторына енгізілді

25.08.22 17:57
/KASE, 25.08.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2022 жылдың 26 тамызындағы шешімімен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі XS1263139856 ($1,5 млрд, 21.07.15 – 21.07.45; жартыжылдық купон, жылдық 6,50%; 30/360) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімін "Мемлекеттік бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берілді. Аталған облигацияларды айналысқа жіберу бастамашысы "Сентрас Секьюритиз" (Алматы) болып табылады. Аталған облигациялармен KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға KZ_22_4507 қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/gsecs/show/KZ_22_4507/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2022-08-25]