18 тамыздан бастап "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ KZ2C00008662 (FIVEb3) облигациялары "таза" бағамен саудалану тәртіптемесіне ауыстырылады

18.08.22 15:55
/KASE, 18.08.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2022 жылдың 18 тамызынан бастап "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ (Алматы) KZ2C00008662 облигациялары (KASE баламалы сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, FIVEb3; 100 теңге, 100,0 млн теңге, 12 ай, тоқсандық купон, жылдық 15,00%; 30/360) "таза" бағамен саудалану тәртіптемесіне ауыстырылады. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. [2022-08-18]