26 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында "ОнлайнКазФинанс Шағын қаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00008790 (MFOKb6) және KZ2P00008808 (MFOKb7) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

25.08.22 14:20
/KASE, 25.08.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 26 тамызынан бастап "ОнлайнКазФинанс Шағын қаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) келесі облигацияларымен KASE сауда-саттықтары ашылатыны туралы хабарлайды: - KZ2P00008790 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb6, $100, $5,0 млн; 180 күн; жылдық 8,25 %; 30/360); - KZ2P00008808 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb7, $100, $10,0 млн; 360 күн; жылдық 10,00 %; 30/360). KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/issuers/MFOK/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2022-08-25]