22 тамыздан бастап "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы АҚ KZ2C00008654 (TMJLb10) облигациялары "таза" бағамен саудалану тәртіптемесіне ауыстырылады

19.08.22 17:43
/KASE, 19.08.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2022 жылдың 22 тамызынан бастап "Қазақстан темір жолы" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00008654 облигациялары (KASE баламалы сауда- саттық алаңы, "облигациялар" санаты, TMJLb10; 1 000 теңге, 150,0 млрд теңге; 22.07.22 – 22.07.24, жылжымалы жартыжылдық купон, жылдық 3,00%; 30/360) "таза" бағамен саудалану тәртіптемесіне ауыстырылады. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. [2022-08-19]