"Қазақтелеком" АҚ 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы туралы хабарлады

19.08.22 15:43
KASE, 19.08.22/ – "Қазақтелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2022 жылдың 19 тамызында баспасөз хабарламасын ұсынды: ... Еліміздің ең ірі телеком-операторы 2022 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша шоғырландырылған есептілікті жариялады, оған сәйкес "Қазақтелеком" АҚ компаниялар тобы тұрақты өсімді сақтап отыр. Жарияланған шоғырландырылған есептілікке сәйкес, "Қазақтелеком" компаниялар тобының жалпы түсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7% - ға (283 млрд теңге) өсіп, 301 млрд теңгеден асты. Бұл ретте қызметкерлердің (өндірістік персоналдың) материалдық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында абоненттерді қолдауға бағытталған шығындардың ұлғаюы компаниялар тобының таза кірісінің 50,5 млрд теңгеге дейін төмендеуіне алып келді, бұл да ағымдағы жағдайлардағы айтарлықтай жоғары деңгей болып табылады. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы KASE интернет-сайтында: - https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_relizs_190822.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_info_190822_en.pdf – ағылшын тілінде. [2022-08-19]