KASE Басқармасы "ОнлайнКазФинанс шағын қаржы ұйымы " ЖШС үш шығарылым облигацияларын KASE балама алаңының "коммерциялық облигациялар" санатына енгізуге келісім берді

18.08.22 17:47
/KASE, 18.08.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2022 жылдың 18 тамызындағы шешімімен "ОнлайнКазФинанс шағын қаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) келесі облигацияларын KASE ресми тізімінің балама алаңының "коммерциялық облигациялар" санатына енгізуге келісім берілді: - KZ2P00008782 (1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 180 күн; 18,00 % жылдық; 30/360); - KZ2P00008790 ($100, $5,0 млн; 180 күн; 8,25 % жылдық; 30/360); - KZ2P00008808 ($100, $10,0 млн; 360 күн; 10,00 % жылдық; 30/360). KASE Басқармасының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталмыш облигациялардың ашылуы туралы KASE қосымша хабарлайтын болады. Аталмыш облигацияларға MFOKb5, MFOKb6 және MFOKb7 сәйкесінше қысқартылған белгілері (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялар шығарылымы туралы толық ақпарат KASE Басқармасының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-сайтын да жарияланатын болады. [2022-08-18]